Жел 18, 2018 16:59 Asia/Almaty
  • Иранның ядро саласының шәһидтері елде зерттеу жұмыстарының тоқтауына тосқауыл жасады

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі Саид Джалили Иранның ядро саласы шәһидтерінің елде зерттеу жұмыстарының тоқтауына тосқауыл жасағанын қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Саид Джалили дүйсенбі күні Иранның Санати Шариф университетіндегі «Шәһид Мұстафа» ұлттық Конгресінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде дұшпандардың қастықтары, лаңкестік  әрекеттері мен санкциялары арқылы Иранның дамуына тыйым салғысы келгеніне тоқталып: «Ирандық ғалымдар дұшпандарға елдің дамуына кедергі жасауға рұқсат етпеді»,- деп қуаттады. Джалили Иранның санкциялардан өтетін мүмкіндіктеріне сілтеме жасап: «Иран әртүрлі салаларда, соның ішінде мұнай мен газ, тасымал, туризм, кеме қатынасы мен адами ресурс салаларында көптеген мүмкіндіктерге ие. Сондықтан соларды пайдаланып, санкциялардан өтуге болады»,- деді.

Иран халқының дұшпандары 2010-2012-ші жылдары Иранның ядролық ғылыммен айналысқан Мұстафа Ахмади Роушан, Масудәли Мохаммади, Маджид Шахриари  және Дариуш Резаинежадты қастандықпен өлтірді.  

 

 

 

Тегтер