Америкалықтардың аймақтағы құзыры – тынышсыздықтың артуының себебі
Ислам революциясы Сақшылар корпусының ақпарат хатшысы генерал Шариф АҚШ әскерилерінің Парсы шығанағы мен Оман теңізіндегі құзырын аймақта тынышсыздықтың артуының себебі деп атады.
Генерал Рамазан Шариф дүйсенбі күні Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты Құрлық күштерінің Парсы шығанағындағы "Ұлық Пайғамбар-12" әскери жаттығуының ерекше болғанына және сол мезгілде америкалық әскери кемелердің аймаққа енгеніне тоқталып: "Өткен 10 айда америкалық кемелердің Парсы шығанағы мен Оман теңізінде болмағанына байланысты осы стратегиялық аймақта қауіпсіздік пен тыныштықтың артқанына және тосын оқиғалардың азаюына куә болдық",-деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының ақпарат хатшысы, сондай-ақ, жуырдағы әскери жаттығу жайлы айтқан сөзінде жаттығуда Сақшылар корпусы Құрлық күштерінің бөлімшелерінің теңіз және құрлықта дұшпаннан төнуі мүмкін қауіп-қатерлерге сәйкес әртүрлі тактикалар, техникалар мен сценарийлердің қосындысын орындауға машықтанғанын айтты.
"Ұлық Пайғамбар-12" әскери жаттығуының соңғы кезеңі сенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Қешм аралында басталып, алдын ала белгіленген барлық мақсаттарға жетумен аяқталды.