«Құтқару оразасы» қозғалысының ораза ұстаушылары Йемен халқын қолдау мақсатында үлкен жиын өткізді
«Құтқару оразасы» қозғалысы ораза ұстаушыларының Йемен халқын қолдау мақсатындағы үлкен жиыны Теһран университетінің мешітінде студенттердің жаппай қатысуымен өтті.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Йеменнің жапа шеккен халқы мен балаларын қолдау үшін ораза ұстаған студенттердің жиынына қатысып, «Құтқару оразасы» қозғалысының шарасына қолдау білдірді.
Йеменнің «Бониан әт‑Тәнмуйе» институтының халықаралық кеңсесінің жауапты тұлғасы Абдулкарим әл‑Мотри де «Құтқару оразасы» қозғалысының студентттік жиынында сөйлеген сөзінде: «Сауд Арабиясы мен АҚШ коалициясы іс жүзінде жеңіліс тауып, ешбір әрекет жасай алмағаннан кейін соғысты экономика саласына енгізуге тырысты.
БҰҰ‑ның есебі бойынша, Йеменде 20 млн адам көмекке мұқтаж. Бұл елде әр 10 минут сайын бір бала көз жұмады»,‑деді.
1400‑ге жуық ирандық және шетелдік студент Йеменнің жапа шеккен халқын қолдайтындарын мәлімдеу үшін үш күн бойы ораза ұстайтын болды.