Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері Иран халқының х.ш.ж.с.б. 1388 жылы дей айының тоғызында қырағылық танытып, АҚШ, сионистік режим мен революцияға қарсы топтардың қастандық әрекеттерін заласыздандырып, оларға қатаң жауап қайтарғанын айтты.
Х.ш.ж.с.б. 1388 жылы дей айының тоғызыншы жұлдызы (2009 жыл 30 желтоқсан) қоғам құрылымын бұзушыларға жиіркеніш білдіру мақсатындағы Иранның миллиондаған халқының шеруін еске салатын және Ирандағы оныншы президенттік сайлау кезінде алаяқтық жасалды деген сылтаумен бұрыс бағытты ұстанған бүлікшіл топтарға берілген кесімді жауап болды.
Аятолла Сейіт Ахмад Хатами осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында америкалық әскери күштердің Сирия жерінен шығарылуына тоқталып: "АҚШ-тың Сириядан артқа шегінуі мен Қорғаныс министрінің қызметінен босатылып, Сириядағы кейбір мемлекеттердің елшіліктерінің қайта ашылуы АҚШ-тың аймақтағы саясаттарының жеңіліс тапқанын білдіреді",- деді.
Аятолла Хатами АҚШ президенті Дональд Трамптың Иракқа жасырын сапарын АҚШ-тың дәрменсіздігі мен қорлануы деп атап: "Аймақта жуырдағы өзгерістер қарсыласудың үстемшілдермен күрестегі ең игі жолы екенін көрсетіп отыр",- деді.