Қаң 02, 2019 20:39 Asia/Almaty
  • АҚШ пен сионистік режимнің стратегиясы – қарсыласу қозғалысына шектеу қою

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: «Қазіргі жағдайда АҚШ пен сионистік режимнің стратегиясы – қарсыласу қозғалысына шектеу қою. Бірақ, Палестина халқының «Оралу жұмасы» секілді апталық шерулері мен басқа да бастамалары бұл стратегияны жүзеге асыруға жол бермейді»,- деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасы Әли Лариджани сәрсенбі күні Теһранда Палестинаның Исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы  Зияд ән-Нахалемен кездесуінде: «Аймақтағы өзгерістер қарсыласу қозғалысының жеңісіне ықпалдастық жасап жатыр. Сондықтан дұшпан Палестина халқына шектеу қойғысы келеді»,- деді. Лариджани ИИР-ның Палестина халқы мен қарсыласу қозғалысының армандарын әрқашан қолдайтынын қуаттап: «Палестинаны қолдау аймақ қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді»,- деді.

Палестинаның Исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Зияд ән-Нахале де бұл кездесуде Иранның Палестинаның зорлық-зомбылық көрген халқы мен қарсыласу қозғалысының армандарын қолдауына ризалығын білдіріп: «Араб елдерінің көбі сионистермен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіруге талпынып жатқан жағдайда Иран Палестина халқын қолдап отыр»,- деді. Ән-Нахале Палестина қарсыласу қозғалысының сионистердің шапқыншылығына қарсы тұратын маңызды құралдар мен мүмкіндіктерге ие екендігіне назар аудартып: «Қарсыласу қозғалысы аймақта жеңіске жетеді»,- деп баса айтты.

 

 

Тегтер