Иран электр қуаты экспорты көлемін екі есе арттырады
(last modified Sat, 05 Jan 2019 14:22:41 GMT )
Қаң 05, 2019 20:22 Asia/Almaty
  • Иран электр қуаты экспорты көлемін екі есе арттырады

Иранның Электр қуатын өндіру және таратуды басқаратын Таванир холдингінің басқарушы директоры Иранның электр қуаты экспортының көлемін екі есе арттыру әлеуетіне ие екенін хабарлады.

Таванир холдингінің басқарушы директоры Мұхаммад Хасан Мотавализаде ISNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында 1000 мегаваттан астам электр қуатының көршілес елдерге экспортталып жатқанын баса айтып: "Иранның электр қуаты экспортының басым бөлігі Иракқа бағытталған. Сонымен қатар электр қуаты Ауғанстан мен Пәкістанға да экспортталып жатыр.

Иран шамамен құрлық арқылы шекарасы бар барлық елмен электр байланысын орнатқан. Сондықтан олармен электр қуатымен алмасу көлемін арттыратын мүмкіндік бар",- деді.

Энергетика министрінің экономикалық істерді жоспарлау жөніндегі орынбасары Әли Бахтияр мұның алдында жүзеге асырылған бағдарламалар негізінде Иранның электр қуаты экспортының көлемін арттыру жоспарланып отырғанын айтты.

Бұл хабарламаға сәйкес, 2025 жылға дейін Иранның электр қуаты экспортының көлемін 33 миллиард долларға жеткізу болжанып отыр.

 

 

 

 

Тегтер