Ғасеми: Еуропалық мемлекеттердің лаңкестікпен күресіне сенім жоқ
(last modified Wed, 09 Jan 2019 15:47:45 GMT )
Қаң 09, 2019 21:47 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Еуропалық мемлекеттердің лаңкестікпен күресіне сенім жоқ

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Еуроодақтың негізсіз айыптауларға сүйеніп, бірнеше ирандық азаматқа санкция салған қисынсыз әрі тосын шешімін айыптады.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу туралы айтқан Еуроодақ кеше, сейсенбі күні 2016-шы жылы аталмыш халықаралық келісім іске асырылғаннан кейін Иранға қарсы санкцияларының бірінші кезеңін қайтарды.  Бұл санкциялар Данияның Иранға қарсы уәждері бойынша салынды.  Дания қазанның 30 күні ешбір құжат ұсынбастан Теһранды сол елде бір шабуылды іске асыруға талпыныс жасады деп айыптады. ИИР бұл уәждерді теріске шығарды.

Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху Данияның Иранға қарсы жала жабу ағымына тікелей қатысы болғанын мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні Еуроодақтың Иранға қарсы санкцияларын еуропалық елдердің лаңкестікке қарсы күресіндегі сенімсіздігінің белгісі деп атап: «Еуроодақ өзінің санкциялар тізіміне «Мұнафеқин» мен «Әл-Ахвазие» секілді қылмыскер және лаңкестік топтарды енгізудің орнына, керісінше, оларға қолдау көрсетіп отыр. ИИР – аймақта лаңкестікке қарсы күрестің көшбасшысы. Сондықтан Еуропа өз қауіпсіздігі үшін Иранға борыштар»,- деп, ИИР-ның бұл әрекетке тиісті шара қолданатынын қуаттады.

 

 

 

Тегтер