"Парсы шығанағы жұлдызы" зауыты – Иранның бензин бойынша өз-өзіне жеткіліктігінің нышаны
Мұнай министрінің Иранның мұнай өндеу зауыттары мен мұнай өнімдері жөніндегі орынбасары "Парсы шығанағы жұлдызы" зауытының үшінші фазасының іске қосылуымен бұл зауытта күніне 45 миллион литр сапалы бензин өндіріліп жатқанын хабарлады.
Әлиреза Садеқабади сәрсенбі күні "Парсы шығанағы жұлдызы" зауытының үшінші фазасын іске қосу және ислам революциясының 40 жыл ішінде мұнай өңдеу мен мұнай өнімдерін тарату өнеркәсібінде жеткен жетістіктеріне арналған баспасөз конференциясында: "Парсы шығанағы жұлдызы" зауытының әрбір фазасы күніне 12 миллион литр Eвро-4 бензинін өндіреді.
Eвро-4 бензині өндірісінің жалпы көлемі бүгінде 40 миллион литрді құрайды. Осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш күніне 12 миллион литр бензинге артып, жалпы 52 миллион литрге жетеді",-деді.
"Парсы шығанағы жұлдызы" мұнай өңдеу зауыты – газ конденсатын өңдейтін әлемдегі ең ірі зауыттардың бірі. Иран тұтынатын бензиннің 50 пайызы осы зауытта шығарылады.