Санкцияларға қарамастан, Иран көршілес елдерге газ экспорттап жатыр
(last modified Sun, 13 Jan 2019 05:36:52 GMT )
Қаң 13, 2019 11:36 Asia/Almaty
  • Санкцияларға қарамастан, Иран көршілес елдерге газ экспорттап жатыр

Иранның ұлттық газ компаниясының атқарушы директоры Хасан Монтазер Торбати санкцияларға қарамастан, Иран Ирак пен Түркияға газ экспортын үзбегенін мәлімдеді.

Иранның ұлттық газ компаниясының атқарушы директоры Хасан Монтазер Торбати сенбі күні Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігі тілшісіне берген сұхбатында Иранның Иракқа жіберетін газдың ақшасын еуромен алатынын айтты.

Монтазер Торбати, сондай-ақ, Иранның газ экспортын ұлғайту бағдарламасына тоқталып: "Иран Кувейт, Оман мен БАӘ-не газ экспорттауды жоспарлап отыр. Бағдарламалар бойынша, ИИР теңіз астымен өтетін бір құбыр желісін пайдаланып, өз газын Оманға жөнелтуді мақсат тұтып отыр",-деді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп 2018 жылдың 8 мамырында біржақты негізде өз елін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығарып, Иранға қарсы ядролық санкцияларды екі кезеңде қайта қайтарды.

Санкциялар Иран халқын тікелей нысанаға алып отыр. АҚШ қоғамдық пікір алдында ақталу үшін өз кінәсін өзгеге жабумен айналысып жатыр.

 

 

Тегтер