Рухани: Иранның алғашқы жерсерігі 600 км биіктікке ұшырылады
ИИР Президенті "Пайам" жерсерігінің Иранның алғашқы оперативті жерсерігі ретінде алдағы күндері 600 км биіктікке ұшырылатынын айтты.
Хасан Рухани дүйсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Гонбад-е Кавус ауданында халықтың алдында cөйлеген сөзінде: "Пайам" жерсерігі толығымен жергілікті. Ол тасымалдайтын зымыран да Иранның өзінікі",-деді.
Күн сайын Иранның көгінен 6 рет ұшып өтетін "Пайам" жерсерігі ауа райы, егіс алқаптары, жер үсті сулары мен ормандардың жағдайын бақылап, мәліметтерді жерге жіберетін болады",-деді.
ИИР Президенті Иран халқының әлемге ғылым мен білімге ие ел екенін дәлелдегенін айтып: "Иран халқы дұшпандардың қастандықтарынан қорықпауы үшін ғылым, технология, экономика мен қорғаныс салаларында күш-қуатқа ие болды",-деді.
Рухани АҚШ, сионистік режим мен олардың кейбір қолшоқпарларының Иранның ұлы халқын тізе бүктіре алмағанын айтып: "Иран әлемдегі өзінің барлық достарымен ең жақсы бауырластық қарым-қатынаста",-деді.