Ғасеми: Иран кез келген жауластық қатынасқа реакция білдіреді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми ИИР-ның өз халқының мүдделеріне қарсы кез келген жауластық қатынасқа тиісті шара қолданатынын мәлімдеді.
Баһрам Ғасеми АҚШ пен Францияның Иранның әуе-ғарыш саласындағы шаралары мен Иранда жасалған зымырандармен жерсерік ұшыруына қатысты ұстанымдарына реакциясында Иранның іс-әрекеттерінің БҰҰ мен Қауіпсіздік кеңесінің ешбір қарарына, соның ішінде №2231 қарарына қайшы келмейтінін айтты.
Ғасеми АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін кейбір еуропалық елдердің Иранға қарсы қатаң қатынас ұстанып, Еуропаның SPV деп аталатын қаржы механизмін орындауды бірнеше айға кешіктіргені туралы: "Еуропалықтар ерте ме, кеш пе қажет қаржы механизміне жететіндеріне үміттенеді. Бізге жеткен жолдаулар да еуропалықтардың SPV-ді орындауға ерік-жігерлерінің бар екенін көрсетеді. Бірақ, олар АҚШ үкіметінің қатты қысымына ұшырап отыр",-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Варшавада АҚШ пен Польша бірлесіп, "Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздік" тақырыбында Иранға қарсы конференция ұйымдастырып жатқаны туралы: "АҚШ пен Ақ үйдің тәжірибесіз басшылары өзгеше саясат бастады. Солардың бірі – Иран халқымен жауласу. Олар Иранның сыртқы саясатында қиындық тудырып, Еуропаға өзінің біртұтас жолын жалғастыруға рұқсат бермеуге күш салып жатыр",-деді.