Харрази: Еуропаның SPV-ді орындауды кешеуілдетуін қабылдауға болмайды
Иранның сыртқы қатынастар стратегиялық кеңесінің басшысы Еуропа одағының Иранмен әріптестік жасауға бағытталған SPV арнайы қаржы механизмін орындауды еуропалық компанияларға ықпал ете алмау сылтауымен кешеуілдетуін қабылдауға болмайтынын айтты.
Камал Харрази Теһранда италиялық делегациямен кездесуінде: "Егер Еуропа елдері өздерінің компанияларына ықпал ете алмайтынын білсе, Иранмен не үшін келіссөз жүргізді?
АҚШ Президенті Трамп Еуропаны әлсіретіп, бөлшектеуді көздеп отыр. АҚШ-тың Польшада Иранға қарсы конференция өткізуге шешім қабылдауы Еуропа елдері арасында қайшылықты күшейту үшін жасалып отыр.
АҚШ Еуропаны кепілге алды. Сол себепті Еуропа болашақта АҚШ-ға қатысты көбірек қиындыққа ұшырайтын болады. Еуропа АҚШ-қа қалай қарсы тұру керектігін Қытай мен Ресейдің қарсы реакциясынан үйренуі тиіс. ИИР өзінің тәуелсіздігін сақтау үшін ауыр шығын төледі, бірақ қысымдарға берілмей, елдің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тиісті шара қолданды",-деп қуаттады.