Марзие Һашемиді тұтқындау ісі АҚШ үкіметінің адамзатқа қарсы болмысын көрсетті
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы Фалахатпише Press TV арнасының жүргізушісі Марзие Һашемиді тұтқындау ісінің АҚШ үкіметінің адамзат баласына қарсы болмысын көрсеткенін айтты.
Хешматолла Фалахатпише жексенбі күні кешке Al Alam арнасына берген сұхбатында: "Марзие Һашемиді тұтқындау ісі халықаралық заңдарды бұзу саналады. Иран Марзие Һашемиді босату үшін бар күшін салып жатыр",- деп мәлімдеді.
Фалахатпише, сондай-ақ, Батыс Азия аймағындағы өзгерістер жайлы: "Иранның аймақтағы, әсіресе Бахрейн, Йемен, Сирия мен Ирактағы өзгерістерге қатысты стратегиясы тұрақтылыққа негізделген. Ислам республикасы аймақта бөгде әскери күштердің орналасуына қарсы",- деп баса айтты.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілі Йемен дағдарысына да сілтеме жасап: "Иран қоршауға алу және санкция салу арқылы Йемен халқын тізе бүктіруге талпыныс жасап жатқан басқыншы саудиялық коалицияға қарсы, Йеменге гуманитарлық тұрғыдан көмек көрсетіп отыр",- деді.