Зариф: АҚШ әлі күнге дейін қара нәсілділердің құқықтарын бұзып келеді
(last modified Tue, 22 Jan 2019 08:23:10 GMT )
Қаң 22, 2019 14:23 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ әлі күнге дейін қара нәсілділердің құқықтарын бұзып келеді

Иран Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ-тың әлі күнге дейін қара нәсілді әйелдер мен ерлердің құқықтарын бұзып отырғанын қуаттады.

 

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Твиттердегі парақшасында  Press TV  арнасының тілшісі, тележүргізушісі Марзия Һашемидің АҚШ-та тұтқындалуына сілтеме жасап: «АҚШ үкіметі сот ісі аяқталғанша тұтқында ұсталатындай Марзия Һашемидің сол елге қандай қатер тудыратынын түсіндіруі керек. Афро-америкалықтардың азаматтық құқықтарын қорғау қозғалысының басшысы Мартин Люттер Кингтің қастандықпен өлтірілуінен 50 жыл өтсе де қара нәсілді әйелдер мен ерлердің азаматтық құқықтары әлі бұзылып жатыр»,- деп жазды.

 

Тегтер