Иран ядролық жұмыстарын жалғастырады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40982-Иран_ядролық_жұмыстарын_жалғастырады
Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Салехи ИИР-ның барлау, өндіру, уран байыту, атом электр стансаларын салу және жаңа центрифуга салаларындағы ядролық жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 23, 2019 14:41 Asia/Almaty
  • Иран ядролық жұмыстарын жалғастырады

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Салехи ИИР-ның барлау, өндіру, уран байыту, атом электр стансаларын салу және жаңа центрифуга салаларындағы ядролық жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Әлиакбар Салехи сейсенбі күні Иранның төртінші телеарнасына берген сұхбатында: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының техникалық тұрғыдағы пікірталастары Иранға келісім бұзылмай-ақ, ядролық жұмыстарын іске асыратын мүмкіндік беруді қарастырған болатын»,- деді. Салехи Ислам революциясы жетекшісінің ядролық өнеркәсіптің жұмысын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты тоқтатуға рұқсат етпегеніне тоқталып: «Ислам революциясының жетекшісі уран байытуды 190 000 ЕРР (бөлу жұмысының бірлігі) көлеміне жеткізу үшін қажет жұмыстарды жылдамдатуды бұйырған соң бұл салада жақсы жетістіктерге қол жеткіздік»,- деді. Иранның Атом қуаты ұйымы басшысының айтуы бойынша, шамамен алдағы 10 күнде 30 тонна Yellowcake уран концентраты Ардакан қаласынан   Исфаһанға   жеткізіледі.