Мешхедте «Имам Реза (ғ.с.) және діндер диалогі» атты халықаралық конференция басталды
(last modified Wed, 30 Jan 2019 12:24:58 GMT )
Қаң 30, 2019 18:24 Asia/Almaty
  • Мешхедте «Имам Реза (ғ.с.) және діндер диалогі» атты халықаралық конференция басталды

«Имам Реза (ғ.с.) және діндер» атты бірінші халықаралық конференция әртүрлі діндер басшыларының қатысуымен Иранның солтүстігіндегі Мешхедте өз жұмысын бастады.

Бұл екі күндік конференцияға Құдс Разави кесенесі мен оның қарамағындағы жерлердің басшысы Сейед Ибрахим Раиси мен Испания, Италия, Мальта, Грекия, Танзания, Австрия және Ресей елдері илаһи діндерінің басшылары қатысып отыр. Құдс Разави кесенесіндегі діндер мұражайының ашылуы, илаһи діндердің қолжазба кітаптарының көрмесі, илаһи діндердің тағылымдары қамтылған өлеңдерді үш тілде айту, діни шәһидтердің отабсыларын мадақтау, ислам революциясының аясында діндердің тату өмір сүруі тақырыптарындағы суреттер көрмесі және қонақтардың Ислам революциясының жетістіктерін тамашалауы аталмыш конференция бағдарламаларының қатарына кіреді.

Ирандағы Ватикан елшісі архиепископ Лео Кардо әртүрлі діндер арасындағы диалогтің қажеттігін қуаттап: «Келіссөздер егер сындарлы болса, бір қоғамда өзара түсіністікке жетуге, бейбітшілік пен келісімді құрметтеуге себеп болады»,- деді.

 

 


 

 

 

Тегтер