Марзия Һашеми өзінің қамауға алынуының себебін АҚШ-тың Иранға жауластығы болғанын айтты
(last modified Thu, 31 Jan 2019 07:19:43 GMT )
Қаң 31, 2019 13:19 Asia/Almaty
  • Марзия Һашеми өзінің қамауға алынуының себебін АҚШ-тың Иранға жауластығы болғанын айтты

Press TV тілшісі Марзия Һашеми Теһранда имам Хомейни (р.) атындағы әуежайда берген сұхбатында: «Менің қамауға алынуымның себебі – АҚШ-тың Иранға жауластығы»,-деді.

АҚШ үкіметі тарапынан қамауға алынған Марзия Һашеми сәрсенбі күні Иранға қайтып оралып, имам Хомейни (р.) атындағы халықаралық әуежайда халық, ақпарат өкілдері мен жауапты тұлғалардың ыстық ықыласына бөленді.

Марзия Һашеми тілшілерге берген сұхбатында: «АҚШ-та қамауға алынғаннан кейін  ИИР-ның АҚШ үкіметі үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Олар Иран Ислам революциясының 40 жылдығына алаңдап отыр»,-деді.

Press TV тілшісі: «Иран халқы дұрыс жолды таңдаған. Алла тағала Ислам революциясының жетекшісін аман сақтасын. Егер шет елде болсаңыз, жетекші, Отан және ИИР-ның қадірін түсінесіз»,-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының басшысы Пейман Джебели: «АҚШ қоғамдық пікірдің қысымымен Press TV тілшісі Марзия Һашемиді қамаудан босатуға мәжбүр болды»,-деп қуаттады.

Тегтер