Марзия Хашеми: АҚШ-та адам құқығы мүлде сақталмайды
Ақп 02, 2019 19:40 Asia/Almaty
Press TV-дің тілшісі әрі тележүргізушісі Марзия Хашеми АҚШ-тағы адам құқығының жағдайын сынап: "АҚШ-та адам құқығы мүлде сақталмайды",-деді.
АҚШ үкіметінің түрмесінен жуырда босап шыққан Марзия Хашеми бейсенбі күні кешке Иранның "Офоқ" телеарнасына берген сұхбатында АҚШ түрмесінде 10 күннен аса жеке камерада қамауда болғанын айтып: "Бұл елде саяси тұтқындар 50 жылға дейін түрмеде қалдырылады",-деді.
Хашеми: "Америкалықтар қамаудағыларға нашар қатынас көрсетеді",-деді.
Press TV тілшісі әрі тележүргізушісі, сондай-ақ, Иран халқына өзінің бостандыққа шығуы жолында жасаған талпыныстары үшін алғыс білдіріп, америкалықтардың оны революциялық ойлары үшін қамауға алғанын айтты.