Ақп 05, 2019 14:11 Asia/Almaty
  • Иран аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықтың орнатылуында сындарлы рөл атқарады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани Иранның аймақта қауіпсіздік мен тұрақтылықтың орнатылуында сындарлы рөл атқаратынын қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Лариджани бүгін Мәжілістің ашық отырысында: «Иран халқына қарсы үстемшіл, сионистік, соғыс және қастандық саясаттарға қарамастан Ислам респбуликасы қырық жылдық кезеңді еңсесін биік ұстап өткерді. Бүгін де аймақта маңызды рөл атқарады. Иран Ислам революциясы сыртқы саясатында қауіпсіздік пен елдің ұлттық мүддесін, тәуелсіздік пен әлсіздерді қолдауды, сондай-ақ, исламдық елдермен ынтымақтастық жасауды өзінің негізі санайды»,- деді.

Иранның Заң шығарушы билігінің төрағасы Ислам республикасының АҚШ-тың санкцияларына қарсы тұруда сәттілікке қол жеткізуіне ұлттық бірлік пен Ислам революциясы жетекшісінің қырағылығы деген екі фактордың себеп  болғанын баса айтты.

 

 

 

Тегтер