Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының имамы аятолла сейед Ахмад Хатами үстемшіл мемлекеттердің Иран халқына жақсылық тілемейтінін, сондықтан басшылардың оларға үміт артпауы керектігін қуаттады.
Теһран жұма намазының имамы аятолла сейед Ахмад Хатами Иран мен Еуропа арасындағы қаржы механизмінің іске қосылуының ұзаққа созылуы мен еуропалықтардың оны FATF келісімі және зымырандық бағдарлама туралы келіссөздермен байланыстырып отырғанына тоқталып, Иранның FATF-ке қосылу, қосылмауын жүйенің ішкі шешімі деп атады. Аятолла Хатами Иран халқының қарсыласуның нәтижесінде әділетсіз залым санкциялардан өтетінін, жемқорлыққа қарсы қатаң шешімдермен қазіргі қиындықтардың шешілетінін баса айтты. Теһран жұма намазының имамы ұзақ қашықтыққа ұшатын «Дезфул» баллистикалық зымыранының тұсаукесер рәсімінің өткенін, зымыранның исламдық жүйенің стратегиялық және қорғаныс саласындағы саясаттарына сай жасалғанын қуаттады.