Иранның «Достық» жерсерігі орбитаға шығарылды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранда жасалған жерсеріктің ғарышқа ұшырылуына реакциясында Иранның зымырандық жұмыстарын тоқтату үшін қатаңырақ халықаралық шектеулер қоюды тағы талап етті.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жұма күні Twitter‑дегі жеке парақшасында: «Иранның жуырдағы зымыран ұшыруы ядролық келісімнің Иранның зымырандық жұмыстарының алдын алмайтынын тағы көрсетті»,‑деп жазды.
Иран Қорғаныс министрінің орынбасары бригада генералы Қасым Тақизаде бейсенбі күні кеше: «Ирандық ғалымдардың арқасында және Алланың қолдауымен «Сафир» жерсерік тасушы зымыраны «Достық» жерсерігін «Фаджр» онкүндігіне орай ғарышқа шығарып, орбитаға орнатты»,‑деп мәлімдеді.
«Пайам» жерсерігі орбитада орналаса алмаған соң көп ұзамай «Сафир» жерсерік тасушы зымыраны «Достық» жерсерігін орбитаға жеткізді. Бұл Иранның ғарыш өнеркәсібіндегі жетістігін көрсетеді.
Иран бір‑бірімен байланысты ғарыш және зымыран өнеркәсіптерінде жақсы жетістіктерге жетті. Бұл жетістік Ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығында кемеліне жетті. Жерсерік жасау үдерісі орбитаға орнату кезеңіне дейін Иранда жергіліктендірілді.
ИИР Ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығында 771 өнім өндіру арқылы қорғаныс және зымыран салаларындағы қажеттіліктерінің 95 пайызын тәуелсіз түрде өндіретін дәрежеге жетті. Бұл жерсерікті ғарышқа ұшыруда стратегиялық рөлге ие.
Иранның зымыран мен ғарышқа жерсерік ұшуы саласындағы жұмыстарының «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына еш қатысы жоқ. Осы бағдарламаның негіздемесі саналатын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары Иранның зымыран және ғарыш саласындағы белсенділіктеріне тыйым салмайды. АҚШ пен Еуропаның басшылары саяси мақсатта Иранның зымыран және ғарыш саласындағы бейбіт белсенділіктерін қауіпсіздікке төнген қатер әрі «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын бұзу деп көрсеткісі келеді.
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков жуырда Иранның ғарышқа жерсерік ұшыруының халықаралық заңдарды бұзбайтынын айтып, Иранның зымыран және ғарыш саласындағы бағдарламаларын сынауға еш дәлелдің жоқ екенін мәлімдеді
АҚШ «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын бұзып, одан шығып, Еуропа ядролық келісімге саяси қолдау көрсеткенімен іс жүзінде онда белгіленген міндеттемелерін орындауды кешеуілдетіп отырған жағдайда АҚШ пен Еуропа басшылары Иранның зымыран және ғарыш саласындағы белсенділіктерін ядролық келісімге қайшы санайды.
Иранмен жауластық пен қарсылықтардың барлығы бұл елдің зымыран және ғарыш саласында әсерлі ғылыми жетістіктерге жетуіне байланысты туындап отыр.
ИИР – тәуелсіз ел, сондықтан басқа елдер сияқты әртүрлі салаларда даму үшін технологияларды пайдалануға құқылы. Қоқан-лоққылар, қысым мен санкциялар ИИР‑ның ғылыми даму жолына кедергі бола алмайды.