Таяу Шығыстағы лаңкестіктің түп тамыры – АҚШ пен сионизм
(last modified Thu, 14 Feb 2019 14:20:44 GMT )
Ақп 14, 2019 20:20 Asia/Almaty
  • Таяу Шығыстағы лаңкестіктің түп тамыры – АҚШ пен сионизм

ИИР Президенті Рухани Таяу Шығыстағы лаңкестіктің түп тамырының АҚШ пен сионизмнен басталатынын айтып, өкінішке орай, аймақтағы кейбір мұнайлы елдердің де лаңкестерге қаржылай көмек беріп отырғанын мәлімдеді.

Хасан Рухани бейсенбі күні Теһраннан Ресейдің Сочи қаласына аттанар алдында Ислам революциясы Сақшылар корпусы қызметкерлерінің шәһид болғанына көңіл айтып, Иран халқының ешқашан алпауыт елдердің алдында тізе бүкпейтінін қуаттап, көршілес елдерге тату көршілестік принципіне қатысты заңды міндеттеріне берік болып, лаңкестік топтарға олардың жерін басқа елдерге қарсы пайдалануға жол бермеуге кеңес беретінін мәлімдеді.

Иран Президенті Сирияға қатысты Сочи отырысы туралы сөзінде: "Бұл елдің аумақтық тұтастығын сақтау Иран үшін аса маңызды. Сирияның бүкіл жері Дамаск үкіметінің ықтиярында болуы керек",-деді.