Ақп 17, 2019 18:34 Asia/Almaty
  • Пәкістан үкіметі Систан мен Белучистанда болған лаңкестік шабуылға жауап беруі керек

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани: "Джейш ул-Золм" лаңкестік тобы Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан мен Белучистанға шабуыл жасауды Пәкістанның жерінен жоспарлап, орындағандықтан Пәкістан үкіметі бұған жауап беруі керек",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани Мәжілістің жексенбі күнгі ашық жиналысында: "Мұндай қатынастар Иран мен Пәкістанның әріптестік деңгейіне сызат түсіреді. Бұл жағдайға Исламабад жауапсыздық танытпауы керек",-деді.

Лариджани, сондай-ақ, Иранға қарсы өткен Варшава отырысына тоқталып: "АҚШ пен сионистік режимнің Варшава отырысын өткізудегі асығыстығы олардың негізсіз әрекет етіп отырғанын көрсетеді",-деді.

 

Тегтер