Иран Кабулдағы лаңкестік әрекетті айыптады
Иран Сыртқы істер министрлігі Баһрам Ғасеми баспасөз хатшысы бейсенбі күні кешке Кабул қаласындағы лаңкестік әрекетті қатаң айыптап, ДАИШ секілді лаңкестік топтардың мақсатын осындай әрекеттерімен Ауғанстан үкіметі мен халқын қорқытып, олардың арасын жіктеу деп атады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Баһрам Ғасеми лаңкестердің сұм мақсаттарына жетпеуінің себебін Ауғанстан үкіметі мен халқының қырағылығы деп атап: «ДАИШ осындай адамгершіліктен ада әрекеттерімен Сирия мен Ирактағы сәтсіздіктерінің орнын толтырғысы келеді»,- деді.
ДАИШ лаңкестері бейсенбі күні Ауғанстанның «Исламдық бірлік» партиясының іргетасын қалаушы Абдәләли Мазаридің шәһид болуының 24-ші жылдығына арналған рәсімді нысанаға алды. Лаңкестік шабуыл салдарынан 3 адам қаза болып, 22 адам жарақат алды.