Нау 17, 2019 18:50 Asia/Almaty
  • Еуропалықтар

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелеріне берік болуы қажеттігін қуаттады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күні кешке al-Alam телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін еуропалықтардың осы келісімді сақтап қалу үшін тиісті шара қолдануды көп кешеуілдеткеніне тоқталып: "Еуропалықтар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап, оған берік болуға саяси ерік-жігерге ие екенін жариялағанымен тек бір арнайы қаржы желісін ғана дайындады.

Еуропалықтар осы қаржы желісімен АҚШ-тың санкцияларын еңсереді",-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы, сондай-ақ, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап, жалғастырудың бір жағынан еуропалықтардың қатынасына байланысты екенін айтып, Иран келіссөз үшін басқа ешқандай шарт қабылдамайтынын мәлімдеді.    

 

   

Тегтер