Ғасеми: Сионистік режимнің болмысы шабуыл мен лаңкестікке негізделген
(last modified Wed, 10 Apr 2019 08:45:33 GMT )
Сәу 10, 2019 14:45 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Сионистік режимнің болмысы шабуыл мен лаңкестікке негізделген

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми 1948 жылдың сәуір айындағы сионистердің Палестинаның Дейр-Ясин ауылындағы қылмыстарының жылдығында сионистік режим болмысының шабуыл мен лаңкестікке негізделгенін қуаттады.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Баһрам Ғасеми сионистік режимнің лаңкестік болмысының қорғансыз, жасықсыз қарапайым халықты қырып-жоюға негізделгенін айтып: «Бұл режим өзінің адамгершіліктен жат мүдделеріне жету үшін көптеген қылмысты іске асырды, келешекте де іске асырады. Сионистер бақытсыздық пен лаңкестік және талан-таражға толы тарихты ұмыттыру арқылы өздері үшін қауіпсіздік пен тыныштықтың сырт көрінісін қалыптастырғысы келеді. Олар осы күнге дейін тарихта зұлымдық қалыптастырушылардың қалмайтынынан хабарсыз»,- деді.  

1948 жылдың 9 сәуірінде сионистер басып алынған Құдстың батысында орналасқан Дейр-Ясин ауылына шабуыл жасап, шамамен 300 адамды өлтірді.

 

 

 

Тегтер