Зариф: АҚШ Сақшылар корпусына қарсы авантюризмінің салдарларына жауапты
Иран Сыртқы істер министрі Зариф бейсенбі күні кешке БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерреш пен Қауіпсіздік кеңесіне жазған хатында АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы соңғы шарасына наразылық білдіріп, Вашингтон мен олар құрған бірнеше мемлекеттің Сақшылар корпусына қарсы авантюризмнің салдарларына жауапты екенін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мохаммад Джавад Зариф осы хатта АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ислам революциясының Сақшылар корпусын лаңкес деп атауын халықаралық құқықтар мен БҰҰ жарғысын, соның ішінде мемлекеттердің егемендігі мен теңдігі принципін ашық түрде бұзу деп атап, Трамптың бұл арандатушы әрекетінің текетіресті бақылауға келмейтін жауластыққа жеткізетінін айтты. Зариф осы хатта, сондай-ақ, Иранның АҚШ-тың Батыс Азияда орналасқан CENTCOM деп аталатын күштерін басқару штабын лаңкес деп жариялағанына тоқталып: "Бұл штаб АҚШ үкіметінің Батыс Азияға қарсы лаңкестік саясаттарын орындауды өз міндетіне алған",-деді.
Зариф Гутерреш пен Қауіпсіздік кеңесінен осы хатты Бас ассамблея мен Қауіпсіздік кеңесінің құжаты ретінде жариялауды сұрады.