Зангане Иранның ОПЕК-тегі мүдделеріне қауіп төніп тұрғанын ескертті
(last modified Fri, 03 May 2019 11:47:53 GMT )
Maм 03, 2019 17:47 Asia/Almaty
  • Зангане Иранның ОПЕК-тегі мүдделеріне қауіп төніп тұрғанын ескертті

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане Теһран ОПЕК-ке өз мүдделері үшін мүше екенін, егер бұл ұйым мүшелері Иранға қоқан-лоққы жасап, оның мүддесін қатерге тігетін болса, Иранның мұны жауапсыз қалдырмайтынын мәлімдеді.

Бижан Намбар Зангане бейсенбі күні Теһранда ОПЕК-тің бас хатшысы Мохаммед Сануси Баркиндомен жүздесуінде сөйлеген сөзінде: «ОПЕК кейбір мүшелерінің біржақтылығы салдарынан қатерге ұшырап отыр. Бұл ұйым тарауы ықтимал»,-деді.

ОПЕК-тің бас хатшысы сәрсенбі күні Теһранға келіп, бейсенбі күні 24-ші Халықаралық мұнай, газ, өңдеу және мұнай-химия көрмесіне барып, бірнеше павильонды аралады.

ОПЕК-тің бас хатшысы Иран мұнайын әлемдік нарықтан алып тастаудың мүмкін еместігін айтып, ИИР-ға қарсы біржақты шешім қабылдаудың әсері болмайтынын айтты.