Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 04 May 2019 05:41:55 GMT )
Maм 04, 2019 11:41 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері қырағылық, саясаттағы белсенділік, қарсыласу, бірлік пен тілеулестікті Иран халқының АҚШ пен оның одақтастарын жеңуінің құпиясы деп атады.

Теһран жұма намазының құтпагері аятолла сейіт Ахмад Хатами өткен 40 жылда АҚШ-тың Иран халқымен жауласпаған кезі болмағанын, алайда Иран халқының АҚШ-тың сағын сындырғанын айтты.

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Иранға жуырда жасаған қоқан-лоққыларына тоқталып, Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бастап АҚШ бастаған әлемдік үстемшілдердің Иран халқымен әскери, мәдени, саяси және экономикалық соғыс жүргізіп келе жатқанын, Иран халқының қазіргі экономикалық соғысты да еңсеретінін қуаттады.

Аятолла Хатами Иранның қалаған көлемде мұнай өндіретінін айтып: "АҚШ үкіметінің Иран мұнайы экспортын тоқтату туралы мақсаты орындалмайды. Бұл да өткен 40 жылда АҚШ-тың Иранға қарсы барлық қоқан-лоққылары сияқты залалсыздандырылады.

АҚШ Президенті өз елінде қиындық көп болғанынан қарамастан Иранмен текетіресіп отыр және осы сылтаумен аймақтағы кейбір елдерден баж алады",-деді.

Аятолла Хатами АҚШ үкіметінің шектен тыс талап етушілігіне тоқталып: "Бұл елдің басшылары басқа елдерге, соның ішінде  Венесуэлаға қарсы шығып, осы елдің заңды әрі халықтық үкіметіне қарсы өзі жалдаған тұлғаны қолдап отыр",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері Сауд Арабиясында 37 әлеуметтік белсендінің өлтірілгенін қорқынышты қылмыс деп атап: "Саудия патшасының жанында АҚШ Президенті Дональд Трамп та бұл қылмысқа үнсіздік танытып отырғандықтан қылмыскер саналады",-деді.

 

.