Ислам Кеңесі Мәжілісі ирандық әйелдер перзенттеріне азаматтық беруге келісті
(last modified Mon, 13 May 2019 11:27:20 GMT )
Maм 13, 2019 17:27 Asia/Almaty
  • Ислам Кеңесі Мәжілісі ирандық әйелдер перзенттеріне азаматтық беруге келісті

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері шетел азаматтарына тұрмысқа шыққан ирандық әйелдердің перзенттеріне азаматтық беруге келісті.

Мәжіліс ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл жоба бойынша, бұл заң бекітілместен бұрын немесе бекітілгеннен кейін шетел азаматтарына тұрмысқа шыққан ирандық әйелдердің перзенттеріне 18 жасқа толмастан бұрын, анасының өтінішімен ирандық азаматтық беріледі. Ал 18 жасқа толған перзенттер ирандық анасының өтініші болмаған жағдайда, өздері өтініш бере алады. Иранның Қауіпсіздік министрлігінің шешімі бойынша, қауіпсіздік мәселелер болмаса, олар Иранның азаматтары саналатын болады.

Адам құқығы бақылаушылары ұйымының Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка департаментінің директоры Сара Ли Уитсон ирандық әйелдер перзенттеріне азаматтық беру жобаның бекітілгенін қолдады.

 

Тегтер