Рухани: Халықаралық құқықтық қауымдастықтың әлеуетін пайдалану керек
(last modified Thu, 16 May 2019 10:57:58 GMT )
Maм 16, 2019 16:57 Asia/Almaty
  • Рухани: Халықаралық құқықтық қауымдастықтың әлеуетін пайдалану керек

ИИР Президенті: "Халықаралық қауымдастықтағы құқықтанушылардың қабілеттері мен құнды пікірлерін көбірек пайдалану керек",-деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Теһранда адвокаттар және құқықтанушылармен кездесуінде: "Өткен жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиналысы АҚШ Президентінің басқаруымен 15 мүше елдің қатысуымен өтті. АҚШ басшысы Иранды ядролық мәселеде айыптады. Бірақ 14 мүше ел алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің басшысы алдында Иранды қорғады",-деп еске салды.

Иран Президенті: "ИИР үкіметі халықаралық әділет сотында екі кезеңде АҚШ-қа қарсы халықаралық арбитрлердің назарын аудара алды. Бұл Иран үкіметі мен халқы үшін құқықтық жетістік саналады",-деді.

Рухани: "АҚШ-тың Иран халқына қарсы бастаған экономикалық соғысында құқықтанушылардың қабілетін қолдану керек. АҚШ-тың ісі – адамзатқа қарсы қылмыс. Бұл ел халықтың өмірінде, тамақ пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде қиыншылықтар тудырды. Бұл соғыс Иран үкіметіне емес, оның халқына қарсы бағытталған",-деп қуаттады.  

Тегтер