Иранның Денсаулық министрі: Әлем АҚШ-ты айыптауға міндетті
ИИР Денсаулық министрі АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтарды қажет ететін жазықсыз адамдарға шынайы зиян келтіргеніне тоқталып, әлемдік қоғамның АҚШ-тың айыптауға міндетті екенін қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 72-ші форумына қатысу үшін Женеваға сапар шеккен Саид Намаки өз сөзінде: "Біз әлемдік қоғамнан адамзатқа қарсы қылмыстың бір түрі болып табыладын заңсыз әрекеттері үшін АҚШ-ты жауапқа тартуды сұраймыз",- деді. Намаки Иранның Денсаулық министрілігі мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының халық денсаулығына қол жеткізу туралы бірлескен баяндамасының жексенбі күні жарық көргенін хабарлап: "АҚШ-тың біржақты әрі әділетсіз санкциялары халықты, әсіресе созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және замануи технология ие болуға теріс әсерін тигізді",- деп қосты.