Құдс шеруі Иранның 950 қаласында өтеді
Иранның Исламдық үгіт-насихат кеңесінің Құдс және интефаза штабының басшысы биыл Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шерулердің исламдық Иранның 950 қаласында өтететіні туралы хабарлады.
Иранның Исламдық үгіт-насихат кеңесінің Құдс және интефаза штабының басшысы Рамазан Шариф баспасөз отырыста биылғы Дүниежүзілік Құдс күніне байланысты шерулердің ұраны ретінде ««Ғасыр мәмілесі» сәтсіздікке ұшырап, Палестина жағдайы тұрақталсын» деген ұранның жарияланғанына тоқталып: «Дүниежүзілік Құдс күніне қатысты шеру өткен 40 жылда өткендей қасиетті рамазан айының соңғы жұмасында исламдық Иранның түпкір-түпкірінде өтеді. Биыл 4000 журналист, олардың ішінде 250 шетелдік тілші Иранның әртүрлі қалаларында өтетін бұл шеру туралы хабар таратады»,- деді.
ИИР іргетасын қалаушысы имам Хомейнидің ұсынысымен қасиетті рамазан айының соңғы жұмасы «Дүниежүзілік Құдс күні» деп аталған болатын.