Maм 31, 2019 17:38 Asia/Almaty
  • Лариджани: Аймақтың қазіргі жағдайындағы АҚШ-тың стратегиясы – мұсылмандарды кемсіту

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасы аймақ елдерінің көбінің АҚШ-тың аймақтағы әрекеттеріне алаңдаушылық білдірулеріне : «АҚШ-тың соңғы әрекеттері бұл елдің ислам әлеміне қарсы дұшпандылығының белгісі»,- деді.

Әли Лариджани Теһран жұма намазының алдындағы сөзінде Дүниежүзілік Құдс күнінде Иран халқы мен әлемнің азат азаматтарының Палестина халқы мен қасиетті Құдстың болмысын қолдауына тоқталып: «АҚШ-тың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялау шешімі бүкіл мұсылмандарға тіл тигізу. Өйткені Бейт әл-Мұқадас мұсылмандардың бірінші Құбыласы және мұсылмандар үшін қасиетті мекен»,- деді. Лариджани АҚШ-тың Голан жоталарын Израильдің меншігі деп жариялау заңсыз әрекетіне сілтеме жасап: «АҚШ-тың аймақтың қазіргі жағдайдағы стратегиясы мұсылмандарды кемсіту және исламдық елдердің табиғи ресурстарын тартып алып, оларға қысым көрсету. Америкалықтар «Ғасыр мәмілесі» жобасын іске асыру және палестиналық босқындардың оралуларының алдын алу қаржыны Парсы шығанағы елдері қалтасынан төлегісі келеді»,- деп қосты.    

Лариджани сондай-ақ 2018 жылдың 8 мамырында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Иранмен жаңа келіссөздер жүргізу туралы уәжденгеніне тоқталып: «Иран өзінің зымырандық және қорғаныс әлеуеті туралы келіссөздер жүргізбейді. Өйткені америкалықтар қарсыласу күштерін әлсіреткісі келеді»,- деп баса айтты.

Тегтер