Теһран жұма намазының имамы: Палестина мәселесі «Ғасыр мәмілесі» жобамен шешілмейді
(last modified Fri, 31 May 2019 12:16:13 GMT )
Maм 31, 2019 18:16 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: Палестина мәселесі «Ғасыр мәмілесі» жобамен шешілмейді

Теһран жұма намазының имамы: ««Ғасыр мәмілесі» жоба немесе палестиналықтардың босқындарды қайтару және азат сайлау өткізу сынды заңды талаптарына кедергі тудыратын әрекеті еш уақытта Палестина мәселесін шешпейді»,- деді.

Теһран жұма намазының имамы Казем Седдиқи   имам Хомейнидің бастамасымен Дүниежүзілік Құдс күні деп аталған бұл күнді Ислам күні деп атап: «Имам Хомейни Құдс күні Палестина мәселесінің ұмытылмауының факторы. Осы кезде қарсыласу мен Палестина интефазасы басып алынған жерлерде тамырын жайды. Қарсыласу сионистер мен АҚШ-Біріккен Араб Әмірлігі-Сауд Арабиясы үштігінің алаңдаушылығына себеп болуда. Осы күні Палестина мәселесі аймақтың сыртына шығып, әлемдік тақырыпқа айналды»,- деп қосты.

Теһран жұма намазының имамы қазіргі ғасырды мұқтаждардың үстемшілерді жеңетін ғасыр деп атап: «Ислам революциясы тек Иранмен шектелмейді. Бұл әлемдік оқиға. Әлемнің барлық мұсылмандары Иранның Ислам революциясының туының астына жиналады»,- деді.

Тегтер