Рухани мен Лариджани Иранның ұлттық жас зілтеміршілер командасын әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Иран Президенті Хасан Рухани мен Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күні кешке жеке-жеке хат жолдап, Иранның ұлттық жас зілтеміршілер командасын әлем чемпионатында жеңімпаз атануымен құттықтады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани өз хатында Иран халқын маңызды жеңіспен құттықтап, Иранның ұлттық жас зілтеміршілер командасының жаттықтырушылары мен көмекшілеріне жемісті еңбектері үшін алғыс айтты.
Әли Лариджани де өз хатында Иранның ұлттық жас зілтеміршілер командасының жеңімпаз атануымен құттықтап: "Төртінші жыл қатарынан қол жеткізіп отырған бұл жеңіс әлемге ирандық жастардың теңдессіз қарым-қабілетін паш етті",-деді.
Иранның ұлттық жас зілтеміршілер командасы 2 алтын, 4 күміс, 9 қола жүлде алып, жалпы 622 ұпай жинап, төртінші жыл қатарынан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.