Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері: "АҚШ-пен келіссөз жүргізудің еш пайдасы жоқ. Иран халқы экономикалық қысымдар астында ешқашан келіссөз жүргізбейді",-деді.
Аятолла сейіт Ахмад Хатами АҚШ-тың Иранмен келіссөз жүргізу арманын өзімен бірге көрге алып кететінін айтып: "АҚШ басшылары, соның ішінде Дональд Трамп, Джон Болтон мен Майк Помпео бастаған сұрқия үштікте адалдық жоқ. АҚШ-тың Иранмен келіссөз жүргізуге дайын екені туралы уәждер – нағыз өтірік. Өйткені Трамп АҚШ-тағы президенттік сайлау қарсаңында Иранды келіссөз үстеліне тарту арқылы дауыс жинағысы ғана келеді",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Иранның ядролық мәселе жөніндегі келіссөздер тәжірибесін қайталамайтынын айтып: "Ислам революциясы жетекшісінің Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесуінде айтқан сөздері оның қырағылығы мен көрегендігін көрсетеді. АҚШ-тың жолдауын қабылдамау тәкаппар Трамптың мысын басу болып саналады",-деді.
Аятолла Хатами Сауд әулетінің Йемен халқын қырып-жоюна тоқталып: "Қырып-жою мен талан-таражға салу жайлы сөз бола қалған кез келген жерде саудиялықтардың аты аталады. Бұл режим Йеменнің инфрақұрылымын жойып, мыңдаған жазықсыз бала мен әйелдерді өлтірді",-деді.