Маусым 27, 2019 14:40 Asia/Almaty
  • Лариджани: АҚШ Иранның шекарасын бұзу қатесін қайталаса, Теһранның қатаңырақ жауабымен бетпе-бет келеді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасы: «Америкалық ұшқышсыз ұшақтың құлатылуы Вашингтон үшін Иранның шекараларына шабуыл жасамайтын сабақ болды. Бірақ егер АҚШ бұл әрекетін қайталаса, Иранның қарулы күштерінің қатаңырақ жауабымен бетпе-бет келеді»,- деді.

Мәжіліс баспасөз қызметінің мәліметінше, Әли Лариджани Құм облысы теледидар арнасына берген сұхбатында: «Иранның қарулы кұштерінің әлеуеті өте жоғары, америкалық тыңшылық ұшқышсыз ұшақты құлатуы - жетістіктерінің тек бір бөлімі»,- деп қосты. Лариджани сондай-ақ АҚШ-тың уәделерін бұзып, Иранмен келіссөз жүргізу туралы уәжденуіне байланысты: «АҚШ үкіметі халықаралық келісімдерден, олардың ішінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, абыройынан айырылды. Олардың Теһранға келіссөз жүргізуді ұсынуының мақсаты Иранда психологиялық жағдай орнату және өзінің халықаралық беделін қайтару»,- деп сөзін жалғады.

 

Тегтер