Арақчи: Иранның стратегиялық сабыры таусылды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i42559-Арақчи_Иранның_стратегиялық_сабыры_таусылды
ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Венада журналистердің алдында еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауларына тоқталып, Иранның стратегиялық сабырының таусылғанын қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 28, 2019 15:29 Asia/Almaty
  • Арақчи: Иранның стратегиялық сабыры таусылды

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Венада журналистердің алдында еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауларына тоқталып, Иранның стратегиялық сабырының таусылғанын қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Арақчи еуропалықтардың осы кезге дейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелер орындамағандарын  еске салып: «ИИР бұдан артық аталмыш келісімдегі міндеттемелерін біржақты ғана орындай алмайды. Иран АҚШ-тың шешіміне қайшы еуропалық  және басқа елдердің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықпауын қолдайды. Бірақ бұл саяси ұстаным  сөзден іске айналуы керек»,- деді.