Иран энергетикалық қауіпсіздік үшін мұнай мәселесін саясиландырмау керек деп санайды
(last modified Wed, 03 Jul 2019 14:50:28 GMT )
Шіл 03, 2019 20:50 Asia/Almaty
  • Иран энергетикалық қауіпсіздік үшін мұнай мәселесін саясиландырмау керек деп санайды

Иран Мұнай министрі Бижан Зангане ОПЕК-ке мүше елдер Мұнай министрлерінің Венада өткен 176-шы отырысының аясында АҚШ-тың CNBC арнасына берген сұхбатында мұнай мәселесін саясиландырмауды қуаттады.

Зангане Иранның өткен 100 жылда мұнай нарығын қауіпсіз етуі туралы тоқталып: "ОПЕК-тың саяси ұйымға айналуы мұнайдың әлемдік нарықтағы қаруға айналуын білдіреді. Негізінде мұнай нарығын саясиландырмай, қауіпсіз сақтау қажет",- деді. ОПЕК-ке мүше елдер министрлерінің Венадағы отырысы бұл ұйымның кейбір мүшелерінің әрекеттерін  жалғастыруларына байланысты оның келешегі мен тағдыры көптеген белгісіздіктер және сұрақтарға бетпе-бет келген жағдайда өз жұмысын аяқтады. АҚШ өз санкцияларын мұнай нарығына қарай таратқанынан бері, мұнай бағасының тұрақсыздығы оны өндірушілер мен оны тұтынушыларды сергелдеңге салды. АҚШ-тың Иранның мұнай экспортын тоқтату шешімінің салдары туралы сараптамаларда бұл шешімнің екі мақсаты байқалады. Бірінші мақсаты, Иран экономикасының негізін құрайтын мұнай экспорты мен газы және мұнай-химиялық саласында қысымды арттырып, бұл елді АҚШ шарттарына сай ядролық мәселеге қатысты келісімге келтіретін келіссөздерді қабылдату көрінеді. Екінші мақсаты - АҚШ үшін өте маңызды саналатын мұнай экспорты нарығын билеу. Сарапшылардың пікірінше, АҚШ тақтатас мұнайдың пайдасын көргісі келеді. Трамп Азиядағы Иран мұнайының экспортының үлесін өз мүддесіне пайдаланып, оларды АҚШ мұнай компанияларына тапсырғысы келеді.  "Әл-Араби әл-Джадид" ақпарат база бұл мақсатты сараптап, Трамптың Иранға қарсы әрекеті  АҚШ-тың әлемнің энергетикасын билеп-төстеу стратегиясын іске асыру және мұнай бағасы мен мұнай сауда желілерін өз бақылауына алуды көздейді деп тапты.  Мұнай импортерлері негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының заңдары мен азат сауда  ережелеріне қайшы біржақты шешімдердің салдарынан Иранның мұнайын сатып алудан мақрұм қалады. ОПЕК-тың кейбір мүшелерінің Иранға қарсы біржақты әрекеттері бұл ұйымның құлдырауына себеп болуы мүмкін. АҚШ-тың шешімі Иранның сауда құқығын бұзумен бірге АҚШ-қа одақтас немесе одақтас емес елдердің сауда саласындағы егемендігін бұзу болып табылады. Негізінде бұл құқы АҚШ-тың өзі де қол қойған сауда азаттығы заңдарында қарастырылды. АҚШ әрекеттері барлық елдердің экономикалық мүдделеріне зиян келтіретін энергетика нарығындағы қатерлі саяси ойынның басталуын білдіреді.

 

Тегтер