Иранның Мұнай министрі АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын залалсыздандыруды қуаттады
(last modified Mon, 08 Jul 2019 06:34:40 GMT )
Шіл 08, 2019 12:34 Asia/Almaty
  • Иранның Мұнай министрі АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын залалсыздандыруды қуаттады

Иранның Мұнай министрі АҚШ-тың, әсіресе Иранның мұнайына қарсы біржақты санкциялары мен қастықтарын залалсыздандыру талпыныстардың жалғасуын қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Бижан Номдор Зангане ИИР Телерадио бірлестігі екінші арнасына берген арнайы сұхбатында Иранның дұшпандардың қастықтарынан шыға алатынын қуаттап: «Келешекте Иранның мұнай жағдайы жақсарады»,- деді. Зангане Сауд Арабиясы Мұнай министрінің «Иран әлемнің энергетикалық қауіпсіздігін қатерге тірейді» деген сөздеріне: «Иран аймақтағы энергетикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қорғаушы.  Әлемнің энергетикалық қауіпсіздігін бұзушы – АҚШ»,- деп жауап қайтарды. Иранның Мұнай министрі Гибралтар жағалауындағы британиялық теңіз күштерімен тұтқындалған ирандық танкер туралы: «Иранның Сыртқы істер министрлігі бұл мәселемен айналысуда. Танкердің азат етілуіне үміттіміз»,- деді.

 

Тегтер