Зариф: Иран ядролық келісім туралы қайтадан келіссөз жүргізбейді
(last modified Tue, 16 Jul 2019 06:37:19 GMT )
Шіл 16, 2019 12:37 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран ядролық келісім туралы қайтадан келіссөз жүргізбейді

Иран Сыртқы істер министрі өз елінің ядролық келісім туралы қайтадан келіссөз жүргізбейтінін қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф ВВС арнасына берген сұхбатында бұл арнаның жүргізушісінің «Неге ядролық келісім туралы қайтадан келісім жүргізбейсіз?» деген сұрағына: «ИИР келіссөзден кетпеді. Келіссөзден шығып кеткен - АҚШ»,- деп жауап берді. Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ: «АҚШ Президенті Дональд Трамп соғысты қаламайды. Бірақ оның үкіметінді соғысқұмар адамдар бар. Егер соғыс басталса, аймақтың бүкіл елі қауіпсіздіктен айырылады. Сондықтан баршамыз соғысты болдырмауға талпынуымыз керек»,- деп қуаттады.  

 

Тегтер