Мусави: Иран Парсы шығанағында шетелдік танкерге көмектесті
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сейсенбі кешке Иранның Парсы шығанағында шетелдік танкерге көмектескені туралы хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Мусави Парсы шығанағында Иранның суларында Біріккен Араб Әмірлігі кемесінің тоқтатылғаны туралы қайшылықты хабарға реакция білдіріп: «Шетелдік танкерлердің бірі Парсы шығанағындағы техникалық ақауына байланысты көмек сұрады. Халықаралық заңдар бойынша ирандық күштер бұл танкердің көмек сұрауын естіп, көмекке барып, жөндеу жұмыстары жасалу үшін Иран суларына қарай тірекуге алды»,- деп анықтады.
АҚШ пен оның одақтастарының қарамағындағы кейбір батыс және араб ақпарат құралдары сейсенбіде Иранға қарсы жанжалдарын жалғастырып, Пасры шығанағында Эмират танкерінің жоғалып кеткені туралы хабарлады. Олар: «Панама туымен келе жатқан Эмираттық танкер Ормуз бұғазысынан өткен кезде Иранның суларында хабарсыз кетті»,- деп жариялады.