Ирандық актриса Малайзияның «Алтын глобус» сыйлығымен марапатталды
Шіл 22, 2019 12:56 Asia/Almaty
Ирандық актриса Сара Баһрами «Даркуб» («Тоқылдақ») филіміндегі рөлі үшін Малайзияның «Алтын глобус» киносыйлығының үшінші кезеңінде ең үздік актриса ретінде танымал болды.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Беһруз Шаибидың «Даркуб» фильмі алты номинацияда, олардың ішінде ең үздік режиссер, ең үздік әйел актриса, ең үздік актер номинацияларында үміткер болып, Малайзияның «Алтын глобус» киносыйлығының үшінші кезеңінің жабылу рәсімінде Сара Баһрами ең үздік актриса сыйлығына иеленді. Бұдан бұрын бұл фильм Арменияның «Алтын өрік» фестивалінде кинокритиктер мен киножурналистердің тарапынан ең үздік фильм жүлдесімен марапатталды.
Тегтер