9 көршілес ел Ираннан бензин сатып алады
Теһранның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасының энергетика комиссиясының төрағасы Иранның қуат көздері биржасында бензиннің ұсыныла бастағанына тоқталып: «15 көршілес елдің 9 ы жоғары сапа мен тиімді баға болғандықтан Ираннан бензин сатып алуға ниеттеніп отыр», деді.
Реза Падидар сенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иранның қуат көздері биржасында бензиннің алғашқы легінің Ауғанстанға, екіншінің Ирактың Күрдістан өңіріне экспортталатынын айтып: «Иран бензинінің келесі экспорттық мақсаттары – Пәкістан мен Армения»,‑деді.
Падидар, сондай‑ақ, Түркия, Әзірбайжан республикасы мен Ирактың Эрбиль қаласының Ираннан дизель импорттауды қалайтынын айтып: «Парсы шығанағының оңтүстігіндегі елдердің бірі Ираннан дизель мен мазут сатып алады»,‑деді.