Там 06, 2019 17:35 Asia/Almaty
  • Лариджани: АҚШ Иранға соққы берген жағдайда ауыр шығынға душар болады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ-тың Иранға соққы берген жағдайда ауыр шығынға душар болатынын айтып: "Америкалықтар Иранның жағдайы туралы қате түсінікке ие",-деді.

Мәжіліс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Лариджани сейсенбі күні кейбіреулердің "АҚШ Иранмен соғысуды қалайды" деп ойлайтынын айтып: "Сионистік режим мен аймақтағы кейбір елдер АҚШ-ты Иранға ауқымды соғыс ашуға итермелеуі мүмкін, бірақ АҚШ басшылары Иранмен әскери қақтығыс бастайтындай соншалықты ақылсыз емес қой",-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы америкалықтардың Иранмен шектеулі немесе шектеусіз қақтығыста үлкен шығынға ұшырайтынын білетінін айтып: "АҚШ тіпті Иран мұнайын сатуды тоқтатуда да сәттілікке қол жеткізе алмады",-деді.

Тегтер