Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері Йемен халқының саудиялық басқыншы коалицияға төтеп бергенін мақтап: "Йемен қарсыласу қозғалысы басқыншыларды жеңеді",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Казем Седдиқи Йеменнің оңтүстігіндегі өзгерістер мен Сауд Арабиясы мен БАӘ басқыншыларының бұл аймақтағы қақтығыстарына тоқталып: "Йеменді бөлшектеуге бағытталған қастандық нәтиже бермейді",-деді.
Седдиқи, сондай-ақ, Кашмирдегі өзгерістерге алаңдаушылық білдіріп, аймақтағы қақтығысушы тараптарды ұстамдылық танытуға шақырды.
Теһран жұма намазының құтпагері Нигерия исламдық қозғалысының жетекшісі шейх Ибраһим Закзакидің жағдайы туралы пікір білдіріп, адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылардың шейх Закзакидің емделу үдерісіне қатысты үнсіздік танытып отырғанын сынады.
Седдиқи Иран көгінде америкалық тыңшылық ұшқышсыз ұшақтың құлатылуын ИИР-ның қорғаныс қуатының белгісі деп атады.