Там 28, 2019 15:04 Asia/Almaty
  • Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: Иранда ядролық технологиялар жергіліктендірілді

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы елде ядролық технологиялардың жергіліктендірілгенін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Акбар Салехи сейсенбі күні Альборз облысының ауыл шаруашылығы және медициналық ядролық зерттеу нысанын аралап: "Иран барлау және өндіру саласында айтарлықтай ілгерілеп, қазба байлықтарының 80 пайыздан астамын анықтай алды",-деді.

Салехи ИИР-ның жаңа центрифугаларды зерттеуде IR6 буынын орнатқанын, мұның көптеген шет елдердің наразылығына ұшырағанын айтып: "Иран зерттеу және даму саласында кері инжинирингтен жобалау дәрежесіне жетті",-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы, сондай-ақ, елде ең үлкен ядролық аурухана Альборз облысында салынғанын хабарлап: "Әлемде мұндай ауруханалардан тек алтау ғана бар",-деді.

Тегтер