АҚШ - әлемдегі лаңкестік үкіметтердің көшбасшысы
Теһран жұма намазының имамы АҚШ-тың әлемдегі лаңкестік үкіметтердің көшбасшысы екенін қуаттап: «АҚШ басшыларының аймақтағы лаңкестік топтардың құрылуына қатысты болуларын мойындап отырған жағдайда лаңкестікпен күресу туралы уәждері – ұят»,- деді.
Аятолла Сейед Ахмад Хатами Теһран жұма намазының уағыздарында 1981 жылы шәһид болған Иран Президенті мен Премьер-министрін еске алып және Лаңкестікпен күресу ұлттық күніне тоқталып: «Иран – лаңкестіктің құрбаны»,- деп қуаттады.
Бүгін, 2019 жылдың 30 тамызы – кезіндегі Иран Президенті Мұхаммад Әли Раджаи мен Премьер-министрі Мұхаммад Джавад Бахонар және бірқатар үкімет мүшелерінің шәһид болған күні. Олар 1981 жылы Мұнафеқин лаңкестік тобы әрекетінің құрбандары болды. Осыған орай бұл күн «Ирандағы лаңкестікпен күресу ұлттық күні» деп аталды.
Теһран жұма намазының имамы: «АҚШ үкіметі аймақтағы лаңкестікпен күресіп отырған Ливанның Хизболласы, Йеменнің Ансаралла және Ирактың Хашад әш-Шааби күштерін лаңкестер деп санайды»,- деп қосты. Аятолла Хатами сондай-ақ Кашмир мұсылмандарының жағдайына реніш білдіріп: «Үндістан үкіметі үнді мұсылмандары жағдайына қисынды саясат жүргізіп, аймақ мұсылмандарына күш көреспейтініне үміттіміз»,- деді.