Ислам революциясы жетекшісі АҚШ-пен келіссөз жүргізу мәселесі жөнінде өз пікірін білдірді
"Иран халқына қарсы мейілінше қысымды арттыру саясаттың ешбір құны жоқ. Ислам республикасының барлық басшыларының ортақ пікірінше, АҚШ-пен ешбір деңгейде келіссөз жүргізілмейді".
Аятолла Хаменеи бүгін, сейсенбіде діни оқу орындарының оқу жылының басталуына байланысты фикх сабағының басында америкалықтардың келіссөз жүргізу жөніндегі тақырыпты қайта көтерулеріне тоқталып, олардың мақсаты өз қалауларын қабылдату және Иранға мейілінше қысым жасаудың әсерлі болуын дәлелдеу екенін қуаттады. Әрине осыдан қырық жыл бұрынғыдай АҚШ-тың жобасы мен есебінің қате екені және нәтижеге жетпейтініне күмән тумайды. Иран халқы АҚШ-пен келіссөз жүргізуді қиындықтарды шешетін жол деп санамайды. АҚШ-тың Иранмен келіссөз жүргізуге мұқтаж екенін көрсететін көптеген дәлелдер бар. АҚШ-тың әлемдегі құдыреті құлдырауда. Ал Ислам республикасы жүйесінің жағдайы АҚШ жағдайынан керісінше, АҚШ-тың мейілінше қысым көрсету саясатына табанды қарсыласуда. Иран халқының дұшпанға қарсы ұстанымы – барлық салаларда қарсыласу. Сондықтан Ислам революциясы жетекшісі АҚШ-пен екіжақты да жанжақты да келіссөздің жүргізілмейтінін қуаттады. Ислам революциясы жетекшісінің әртүрлі қиындықтардың шешім жолының халықтың қолында болуын қуаттауы өткен қырық жылдағы тәжірибе мен жетістіктерге сүйеніп айтылған сөз. Ислам революциясы жетекшісі айытқандай, Иран халқы қиындықтарды шешу үшін бөгделерге үмітті болмауды тәжірибеден үйренді. Аятолла Хаменеи: "Бұл сөздер әлем үкіметтерінің алдында есікті жабуды білдірмейді",- деді. ИИР пікір алмасу мен келіссөздерді әлем мен аймақ қайшылықтарын шешетін ең маңызды жол деп біледі. Бірақ Иран халқына қарсы экономикалық лаңкестік жүргізіп отырған АҚШ-пен келіссөз жүргізуді мағнасыз әрі қисынсыз деп санайды. АҚШ-пен келіссөз жүргізу тақырыпқа байланысты сараптамасында аятолла Хаменеи назар аудартқан шындықтарды көрсетеді. Ислам революциясы жетекшісі АҚШ-пен келіссөз жүргізу тақырыпқа байланысты сөзін "АҚШ-пен келіссөз жүргізу, яғни Ислам республикасына олардың сұраныстарын қабылдаттыру және АҚШ-тың мейілінші қысымдар саясатын нәтижеге жетті деп көрсету", - деп қорытты.